Қазақстан • 31 Қаңтар, 2019

Үкіметтің онкологиялық аурулардың алдын алу жөніндегі Кешенді жоспары жүзеге асып отыр ма?

1069 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты Үкіметтің 2018 жылғы 29 маусымында №395 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспарын жүзеге асыруға қатысты ақпараттар тарата бастады.

Үкіметтің онкологиялық аурулардың алдын алу жөніндегі Кешенді жоспары жүзеге асып отыр ма?

Ал 2018-2022 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күресудің Кешенді жоспары 4 бағытты қарастырады:

1. Қауіп факторларының профилактикасы және басқару

2. Жоғары тиімді ерте диагностикалау

3. Онкологиялық көмек көрсетудің интегралдау моделін  енгізу 

4. Ғылым мен кадрлық әлеуетті дамыту

2018 жылдың қорытындысы бойынша қатерлі ісікке шалдығу 100 мың тұрғынға шаққанда 195,7 болды, яғни 35 753 адам дертті екендігі жаңадан анықталған.

Аурудың құрылымында бірінші орынды сүт безі қатерлі ісігі (12,6%), екінші орынды – өкпенің қатерлі ісігі (9,9%), үшінші орынды – асқазан қатерлі ісігі (7,4%), 4 орынды – жатыр мойны қатерлі ісігі мен тоқ ішек қатерлі ісігі 4,7%  алып тұр.

Онкологиялық аурулардың электрондық тізілімінің көрсеткіштік мәліметі бойынша, қатерлі ісік ауруларының өлім деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 78,3 болды (2017 жылы 93,3).

Сүт безі қатерлі ісігімен ауырып, бірақ 5 және одан көп жыл өмір сүріп келе жатқан онкологиялық науқастардың үлесі 54,4%-ға дейін (индикатор көрсеткіші –51,4%, 2017 жылы – 53,2%), жатыр мойны қатерлі ісігімен 55,5% дейін (индикатор көрсеткіші -53,9%, 2017 жылы – 54,2%), колоректальды қатерлі ісігімен 45,4% дейін (индикатор көрсеткіші – 43,1%, 2017 жылы – 43,7%) өсті.

Сондай-ақ, онкологиялық ауруларды ерте анықтау, яғни диагностикалау жақсарды. Қатерлі ісіктердің жаңа жағдайлардың жалпы құрылымында 0-I сатысы 26,2% -ды құрайды (индикатор көрсеткіші 24,1%, 2017- 24,7%).

Және 2018-2022 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес бойынша Кешенді жоспар шеңберінде онкологиялық көмекті көрсету стандарттары жетілдірілуде.

Оған қоса Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырда №255 «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығын» құру туралы Қаулысы қабылданды.

Өңірлерде (Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары), оның ішінде МЖӘ-ні тарта отырып, онкологиялық орталықтары бар көп бейінді емханалар салу жөнінде мәселе қарастырылуда. 

Паллиативтік көмек және ауырсынуға қарсы терапия бойынша жаттықтырушыларды даярлау жалғасын тауып отыр. Яғни, өңірлердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мамандары үшін онкологиялық науқастарды оңалту және емдеу үшін және ауруға уақытша жеңілдік беретін көмектің психологиялық аспектілері бойынша 109 біліктілікті арттыру курсы жүргізілді.

Обырды зерделеу жөніндегі халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту үшін ҚазОжРҒЗИ мен Н.Н. Петров атындағы онкология ғылыми-зерттеу институымен (Санкт-Петербург қаласы), Өзбекстан Республикасының Ташкент медициналық академиясымен (Ташкент қаласы), Montreal Epiterapia Inc. арасында өзара әрекеттесу және өзара ғылыми ынтымақтастық туралы меморандумдар (келісімдер) жасалды.

Және Кингс Хеллс Экономикспен, Лондон Кингс Колледжімен (Ұлыбритания), Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің П.А. Герцен атындағы Мәскеу ғылыми-зерттеу институтымен (Мәскеу қаласы), Беларусия Республикасының Н.Н.Александров атындағы республикалық онкология және медицина радиологиясының ғылыми-практикалық орталығымен (Минск қаласы) академиялық ынтымақтастық туралы келісім жасалған.

Жатыр мойны обырын тудыратын адам папиллома вирусына (ЕПВ) қарсы вакцинациялау қажеттілігі туралы ақпарат науқаны аясында 23 395 адамды қамтыған 327 акция, медицина қызметкерлері үшін 8 оқыту семинары өткізілді. ҚазРжРҒЗИ-да 17 біліктілікті арттыру циклі өткізіліп, 365 онколог-дәрігер даярланды, 513 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету медициналық қызметкері оқудан өтті.

Екінші курстың 54 резиденті өз білімдерін жалғастыруда, 2018 жылы 48 резидент оқуға түсті. Өңірлерде ҚазОжРҒЗИ-да резидентурада оқыған 74 жас маман жұмыспен қамтылған.

Жаңа технологияларға келсек, ҚазОжРҒЗИ аясында, яғни Алматыдағы алғашқы онкологиялық ПЭТ/КТ орталығы ашылды. Түрлі ісіктерге молекулалық-генетикалық тестілеу әдістері енгізілді.  Лапароскопиялық жедел араласулар жүргізілуде, эндоскопиялық оталар, қатерлі ісіктің жоғары технологиялы сәулелік терапиясы, дәрі-дәрмекпен емдеу шеңберінде, обыр иммунотерапиясы енгізіліп отыр.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ