01 Ақпан, 2019

2018 жыл бойынша Қарулы Күштерінің қорытынды конференциясы өтті

625 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде 2018 жыл бойынша ҚР Қарулы Күштерінің қызмет қорытындысына арналған баспасөз конференциясы өтті. Оған ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров қатысты.

2018 жыл бойынша Қарулы Күштерінің қорытынды конференциясы өтті

Журналистермен кездесу барысында Қорғаныс министрінің орынбасары ҚР ҚК-дегі ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауының іске асырылу барысы, Қазақстан армиясы әскери қызметшілерінің әлеуметтік қамтамасыз етілуі, бітімгершілік қызмет, жауынгерлік даярлық барысы туралы айтып берді, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

2018 жыл ҚР ҚК үшін жақсы көрсеткіштермен аяқталды. ҚК алдында тұрған негізгі міндеттер орындалды. Өткізілген іс-шаралар еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтып, әскери қызметтің беделін арттырды, ҚК-ның жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетінің қажет етілетін деңгейін қамтамасыз етті.

Жауынгерлік даярлықтың 116 іс-шарасы, 2313 жауынгерлік оқ ату, 664-тен аса тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Жұмылдыру даярлығы аясында 12 командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы өткізілді.

Жоғары білікті әскери кадрларды дайындау білім берудің барлық деңгейлерінде сержанттан бастап генералға дейін оқып-үйренушілердің сабақтастық дайындығын қамтамасыз ететін 9 әскери оқу орнын қамтитын әскери білім берудің бірыңғай көп деңгейлі жүйесінде өткізіледі.

ҚК-дегі тәрбие және идеологиялық жұмыс жүйелі негізде жүргізіледі және әскери тәртіпті, құқық тәртібін нығайтуға, әскери қызметшілердің конституциялық парызға адал болуына, патриотизм сезімі мен қолбасшылық бұйрықтарының мүлтіксіз орындалуына тәрбиелеуге бағытталған. Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша құқық бұзушылықтың саны 9%-ға төмендеді.

ҚР Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының рухани-адамгершілік жаңғыруына берген қарқынының арқасында әскери-патриоттық тәрбие берудің жүйесі жетілдірілуде. Оқушылардың патриоттық сана-сезімін, белсенді азаматтық ұстанымды және Отанға адал қызмет етуге әзірлікті қалыптастыру үшін ҚМ Ұлттық әскери-патриоттық орталығы жанында барлық өңірлердегі филиалдармен «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысы құрылды. 2020 жылға дейін әскери-патриоттық жұмысты жетілдірудің «Ұлтжанды сарбаз» тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Әскери қызметшілердің баспана жағдайын жақсарту мақсатында тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа моделі қолданысқа енгізілді. 2018 жылғы 01.01. бастап ай сайын әскери қызметшілердің жеке арнайы шоттарына екінші деңгейлі банктерде әскери қызметтегі еңбек өтіліне қарамастан әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдері аударылады. 2000-ға жуық әскери қызметші жеке меншік баспаналарына қол жеткізді, 40 000-нан жоғары әскери қызметші тұрғын үй төлемдерімен қамтамасыз етілді.

ҚМ қызметінің маңызды аспектілері қатарында халықаралық әскери ынтымақтастық болып отыр. Әскери сала, қару-жарақ пен әскери білімді бақылау, сондай-ақ әскери-техникалық саладағы 600-ден аса халықаралық іс-шара іске асырылды.

Бітімгершілік бастамаларды іске асыру шеңберінде Қазақстан бітімгершілік полкінің құрама бітімгершілік ротасы (120 адам) «Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері» миссиясына жолданды. Онда үнді бөлімшелерімен бірлесе тапсырмаларды орындауда.

Қазақстан Қарулы Күштерінің қазіргі заманғы бет-бейнесі - бұл жинақы және жоғары ұтқыр армияны құру жөніндегі Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмаларының іске асырылуының нәтижесі. Бүгінде ҚК-ның жауынгерлік әлеуеті мен мүмкіндіктері ішкі тұрақтылықты, еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің қарулы қорғанысын қамтамасыз ету үшін жеткілікті деп сеніммен айтуға болады.