Аймақтар • 01 Ақпан, 2019

Баянауылда «Қаныш айтқан әсем әндер» байқауы өтеді

1297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аудан  орталығындағы Қаныш Сәтбаев  мемориалдық музейіне 2013 жылы облыс әкімінің бастамасымен  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Баянауылда «Қаныш айтқан әсем әндер» байқауы өтеді

Музей қайта жабдықталған  2 залдан, 60 орындық дәріс залынан тұрады. Ал, екінші қабаттағы қосымша залда  ғалымның туған қыстауы, балалық, жастық шағы, отбасылық өмірі,  Ұлттық Ғылым Академиясының президенті болып сайланған уақытқа дейінгі, одан кейінгі өмір жолдарынан  мағлұмат беріледі.

Бұл күндері музей қорында 3435 жәдігер бар. Оның 1400 жәдігері экспозиция залында  қойылған. Негізі  музей  1964 жылы Баянауылға  студенттік  құрылыс отрядында болған студент жастар бастамасымен ашылды.

Мемориалдық музей қызметкері   Дана Нұрбаеваның айтуынша,биыл  Қаныш Сәтбаевтың  туғанына 120 жыл толуына орай Қарағанды облысы  Өлкетану-тарихы музейімен бірлесіп «Ғасырдың биік тұлғасы» атты  арнайы көрме, оқушылар арасында облыстық ғылыми тәжірибелік конференция өткізілмек.

Сонымен бірге,  «Қаныш сүйген әсем әндер» атты өңірлік ән байқауы,    «Ғалымның аты өлмейді» атты облыстық жас ақындар  мүшайрасын өткізу жоспарланып отыр.

Жуырда музейде ғалымды еске алу шарасы өтті. Рухани танымдық шарада жергілікті мектеп оқушылары Әбікен Архат пен  Рахымбекова Аяулым ғалым аталарына арнаған өлеңдерін оқыды. Ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Болат Омаров Қаныш атамыз  орындаған сүйіп орындаған 25 әннің бірі «Бүркітбайды» айтып берді. Бұдан соң, Мұса Шорманов ауылындағы Қ.Сәтбаевтың ата бабасы жерленген «Айрық» жеріне барып құран бағыштап қайтыпты.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы