Аймақтар • 04 Ақпан, 2019

Біржан сал ауданына 4 миллиард 297 миллион теңге инвестиция тартылды

559 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Біржан сал ауданында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 900-ден асты. Шамаман 3 мыңға адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтылып отыр. 

Біржан сал ауданына 4 миллиард 297 миллион теңге инвестиция тартылды

Біржан сал ауданында өткен жылы өнеркәсіптік өнімдерді өндіру көлемінің индексі 127 пайызды құрады. Мұндай нәтиже «Семізбай U», «Өркен-Атансор», «Көкше Цемент» кәсіпорындарындағы уран, темір кені, цемент өндірісінің артуымен тікелей байланысты. Ал, ауыл шаруашылығы саласындағы  өндірілген өнім көлемі 19 миллиард теңгеден асты. Уақыт талабына сай, ауылшаруашылығына сандық технологияларды енгізу жұмыстары жалғасуда. Аудан әкімі Ермек Нұғымановтың айтуына қарағанда, өткен жылы 4 миллиард 297 миллион теңге инвестиция тартылған. Салық және бюджетке түсетін міндетті төлемдер түсімі – 108 процентті құрап отыр.   

–Ауданда 15 ауылдық округі бар. 14 жарым мың халық бар. Бүгінгі күні ауданның экономикасы тұрақты. Ауыл шаруашылығы да, өндіріс те дамып келеді. Былтыр ауданда 20 миллиард 500 миллион теңгенің өндірістік өнімі өндірілді. Соңғы он жылдың көлемінде индустриалды бағдарлама аясында ірі жобалар жүзеге асты,– аудан әкімі Ермек Нұғыманов.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына аудан тұрғындары белсенді қатысуда. Бірінші бағыты бойынша 94 адам кәсіптік біліммен қамтылса, екінші бағыты бойынша 110 адам «Бастау Бизнес» жобасына оқып шыққан. Сонымен бірге, 39 адам 149 миллион теңге көлемінде шағын несие алып, жеке кәсіптерін ашты. Аудан тұрғындары шағын несиені көбінесе мал шаруашылығын дамытуға алуда. Соның есебінен ауданда өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны көбейіп, жұмыссыздық деңгейі төмендеген. Қазір ауданда тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,9 процентті құрайды.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Egemen Qazaqstan»

Ақмола облысы,

Біржан сал ауданы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше