Үкімет • 05 Ақпан, 2019

А.Цой: Денсаулық сақтау саласындағы инвестицияларды 60%-ға жеткізу жоспарланған

355 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі А. Цой 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша жоба туралы хабарлады.

А.Цой: Денсаулық сақтау саласындағы инвестицияларды 60%-ға жеткізу жоспарланған

Вице-министрдің айтуынша, жобаның үш негізгі міндеті бар, олар:

Инфрақұрылымды жоспарлауды жүйеге келтіру;

Алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын басымдықпен арттыру және медициналық көмектің пациентке бағдарланған қамтамасыз ету мақсатында денсаулық сақтау ұйымдары желісінің конфигурациясын өзгерту;

Инвестицияларды тарту арқылы инфрақұрылымды жаңғырту.

Осы іс-шаралар шеңберінде 2025 жылға дейін мынадай индикаторлар айқындалды:

  • 17 өңірлік перспективалық жоспардың негізінде инфрақұрылымды жоспарлау;
  • жалпы практика дәрігерінің жүктемесін 1500 қызмет көрсетілетін халыққа дейін төмендету және жалпы практика дәрігерлерінің учаскелерін 10 учаскеге 1 объектке дейін шағындау;
  • қалаларда орташа қуаты 500 төсекке дейінгі ірі медициналық кластерлерді құра отырып, ауруханалық секторды оңтайландыру;
  • 1,3 трлн. теңге сомасында инвестицияларды тарту және денсаулық сақтау саласындағы инвестициялардың жалпы көлемінен жекеше инвестициялардың үлесін 60%-ға дейін жеткізу.

Министрлік Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы отырысында мақұлданған тәсілдерге сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі өңірлермен бірлесіп, әрбір өңірдің қажеттілігі мен басымдықтарына сәйкес желінің жаңартылған нормативтін ескере отырып, жоспарлаудың жаңа жүйесін іске асыруда.

«Бізде, инвестициялардың талап етілетін көлемін көрсетілген 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспары бар.

Бірыңғай перспективалық жоспардың негізінде, инвестициялық жоспарлауды заңды түрде бекіту үшін қазіргі уақытта Денсаулық сақтау туралы кодекске өзгерістер енгізілуде.

Дүниежүзілік банк қарызының шеңберінде, перспективалық жоспарларды нақтылау жұмысы жүргізілетін болады, мұнда аурулардың негізгі типтері бөлінісінде және өңірлер бөлінісінде (және жабдықтар) қызметтер түрлеріне қажеттілік есептеледі.

Бұл жұмысты денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп, 2019 жылғы 3-тоқсанда аяқтауды жоспарлап отырмыз» деді А.Цой.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде министрлік өңірлермен бірлесіп амбулаториялық-емханалық ұйымдардың, жедел жәрдем станцияларының, стационарлардың шұғыл қызметтерінің, сондай-ақ ауылдық ауруханалық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«2021 жылға дейінгі алдын ала қажеттілік 156,5 млрд. теңгені құрады, оның ішінде:

- санитариялық автокөлікке 24,5 млрд. теңге;

- жылжымалы медициналық кешендер 2,5 млрд. теңге;

- техникалық жабдықтау 77,2 млрд. теңге;

- күрделі жөндеу 52,3 млрд. теңге;

Сонымен бірге, бюджетте 121,4 млрд.теңге көзделген.

Осылайша, қосымша қажеттілік 35,1 млрд.теңгені құрайды, оның 27 млрд. теңгені республикалық бюджетте және 8,1 млрд. теңгені жергілікті бюджеттерден көздеу ұсынылады» деді өз баяндамасында А.Цой.