Қазақстан • 05 Ақпан, 2019

Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаланы қардан тазалауға 2 мыңнан астам жұмыскер шықты. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.


Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

«Алматы» ауданында қар тазалауға 513, «Байқоңыр» ауданында 283, «Есіл» ауданында  699 және «Сарыарқа» ауданында 603 жұмыскер шықты.

Елорданың төрт ауданында қар тазалауға мамандандырылған техниканың мыңға тарта бірлігі жұмылдырылған.

«Алматы» ауданында техниканың 262 бірлігі қар жинауда. Оның 42-сі – фронтальды тиегіштер, 111-і – жүк түсіргештер, 41-і – МТЗ сыпырғышы, 46-сы – суару-жуу машиналары, 5-і – автогрейдер, 10-ы – құм шашқыштар, 7-і – жүк тиегіштер. «Байқоңыр» ауданында қар тазалау жұмыстарына тартылған техниканың жалпы саны 128 бірлікті құрайды» деп мәлімдеді қала әкімдігі.

Қардан тазарту жұмыстарына жұмылдырылған техника саны бойынша Есіл ауданы алдыңғы қатарда. Мұнда 329 мамандандырылған техниканың бірлігі жұмыс істеуде.

Ал «Сарыарқа» ауданын қардан тазарту жұмыстарын 255 бірлік техника жүзеге асырады.