Қазақстан • 06 Ақпан, 2019

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

1267 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

«Фронталдық бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде қармен бірге тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі, республиканың оңтүстік-шығысында және шығысында кей жерлерде қалың қар жауады. Тек Қазақстанның оңтүстік-батысында, солтүстігінде және солтүстік-батысында жауын-шашын болмайды деп күтілуде. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады» делінген хабарламада. 

Астанада құбылмалы бұлтты, түнде қар жауады, төменнен сырма соғады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 9-14 м/с жел тұрады, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде -37-39, күндіз -30-32 болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты, қар, түнде және ертеңгісін қалың қар жауады. Кейде тұман, көктайғақ, жолдарда қар жатады. 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -8-10, күндіз -2-4.

Шымкентте күндіз және түнде қар жауады. Ауа температурасы күндіз -2-4 және түнде -12-14.

Ақмола облысында тұман, түнде қар және бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Түнде қатты, кей жерлерде өте қатты аяз болады. Күндіз -30-35, түнде -25-30.

Қостанай облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде тұман, түнде кей жерлерде қатты аяз болады. Күндіз -25-30, түнде -33-38.

Павлодар облысында 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді, түнде қар жауады деп күтілуде. Күндіз -25-30, түнде -27-32. 

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман, түнде қар жауады, бұрқасын, 15-20 м/с дейні жел тұрадыы. Түнде кей жерлерде қатты аяз. Күндіз -20-25, түнде -25-30. 

Шығыс Қазақстан облысында күндіз және түнде қалың қар жауады деп күтілуде, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді. Күндіз -12-17, түнде -17-22. 

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде қатты аяз. Ауа температурасы күндіз -30-35, түнде -33-38.

Жамбыл облысында күндіз аздаған қар жауады, түнде кей жерлерде қалың қар жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз -7-12, түнде -10-15, оңтүстігінде -5.

Түркістан облысында күндіз және түнде қар жауады деп күтілуде, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде кей жерлерде қатты аяз болады. Ауа температурасы күндіз -4+1, түнде -12-17, оңтүстігінде-9. 

Қызылорда облысында күндіз аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман. Күндіз -10-15, оңтүстігінде -7, түнде -18-23, оңтүстігінде -15.

Батыс Қазақстан облысында күндіз және түнде қар жауады деп күтілуде, кей жерлерде - тұман, көктайғақ. Ауа температурасы күндіз және түнде -5-10.

Атырау облысында күндіз және түнде аздаған қар күтіледі, кей жерлерде - тұман, көктайғақ. Күндіз -2+3, түнде -3-8.

Маңғыстау облысында ауа райы жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -2+3, түнде -1-6. 

Алматы облысында күндіз қар жауады деп күтілуде, түнде кей жерлерде қалың қар жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз -2-7, түнде -8-13. 

Ақтөбе облысында күндіз және түнде қар жауады деп күтілуде, бұрқасын. Күндіз -12-17, түнде -20-25, оңтүстік-батысында -15. 

«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысындағы тау маңы өзендерінде мұз қату құбылысы күшейеді және су деңгейінің құбылуы күтіледі. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді» дейді синоптиктер.