Аймақтар • 07 Ақпан, 2019

Ақмолалық соттар жемқорлықты ақтамайды

58 реткөрсетілді

Ақмола облыстық сотында облыс судьяларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізілді. 

Облыстық сот төрағасы Досжан Әміров семинарды ашып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыс туралы кеңінен таратып айтып берді. Төраға судьяларға процессуалдық емес қарым-қатынастардың жолын кесу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау туралы ескертті.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов өз баяндамасында заңнаманы түсіндіріп, сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімділігін арттыру, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы тоқталып өтті.

Департамент басшысы сыбайлас жемқорлық көріністері фактілерін қарау ашықтығы сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелерінде басты қағидалардың бірі болып табылатындығына тоқтала келе, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық және этикаға сай емес мінез-құлықтар анықталған деректер бойынша бейнематериалдардың көрсетілімін ұйымдастырды.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар