Қазақстан • 07 Ақпан, 2019

Еліміздегі құбырлардың төзімділігі артады

115 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Оның мақсаты Қазақстан Республикасының коммуналдық шаруашылығын дамыту үшін бірлескен жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Тараптар озық технологиялар мен әзірлемелердің трансферін жүзеге асырып, оларды Қазақстан Республикасының аумағында тәжірибелік пайдалануды жүргізеді әрі ұзақ мерзімді әріптестік орнату мүмкіндігін қарайтын болады.

Еліміздегі құбырлардың төзімділігі артады

Black Powder Solutions жылу және сумен жабдықтау жүйелерінің құбырларында орнатылған магнитті сепараторлардың көмегімен суды тазарту технологиясын ұсынады. Сепараторлардағы арнайы сүзгілер судан қара ұнтақ бөлшектерін (тот, темір оксиді) алып тастайды. Бұл тотығу үдерісінің баяулауына алып келеді және құбырлардың қызмет ету мерзімін 1,5 – 2 есе ұзартуға мүмкіндік береді, олардың пайдалану тиімділігін жақсартады.  Осындай технологиялар көмірсутек шикізаты мен технологиялық сұйықтықтарды тазарту үшін тау-кен және мұнай-газ салаларында қолданылады.

Black Powder Solutions президенті Роджер Симонсон (Roger Simonson) атап өткендей, технология 18 жыл бұрын ойлап шығарылды және қазір 40 елде қолданылады.

«Біз өз әзірлемелеріңізді үнемі жақсартып отырамыз. Оларды Солтүстік және Оңтүстік Америка, Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия, Африка, Таяу Шығыс, Еуропа елдерінде көптеген кәсіпорындар пайдаланады. Магнитті сүзу технологиясы экологиялық таза болып табылады және қоршаған ортаға ешқандай теріс әсер етпейді. Қазақстанға алғаш рет келіп тұрмыз, болашақта осында өз ұстанымымызды бекітіп, бизнесімізді кеңейтіп, көрші елдердің нарықтарына шығуға мүмкіндік беретін база құрамыз деп үміттенеміз», - деді ол.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ директоры – Басқарма мүшесі Әділхан Өмірбаевтың айтуынша, бірінші кезеңде жабдықты тәжірибелік пайдалану жүзеге асырылады.

«Жақын арада Black Powder Solutions магниттік сепараторлары Орал және Ақтау қалаларында ыстық және суық сумен жабдықтаудың технологиялық магистральдарында орнатылады. Бірнеше ай бойы зерттеу жүргізіледі. Пилоттық жоба оң нәтижелер берген жағдайда, жобаны басқа өңірлерде іске асыру мәселесі және Қазақстан аумағында осындай жабдықтар өндірісін оқшаулау мүмкіндігі қаралатын болады».

Айта кету керек, жақында Астана мен Қызылордада жылумен қамтамасыз ету құбырларының қызмет мерзімін ұзартуға және нығайтуға арналған Merus неміс тотығуға қарсы аспаптарын орнату және сынақтан өткізу бойынша пилоттық жоба басталды. Қазіргі уақытта жүргізілген зерттеулер жақсы нәтиже көрсетуде – судағы темір деңгейі 80%-ға төмендеді. Сонымен қатар басқа шетелдік компаниялармен кездесулер өткізіледі. ТКШ секторына неғұрлым озық және тиімді шетелдік технологияларды тарту бойынша жұмысты «ТКШ ҚазОрталығы» ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде саланың энергия тиімділігін арттыру және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы ұлттық инновациялық жүйені дамыту саласында жүргізуде.