Аймақтар • 08 Ақпан, 2019

Мәжіліс депутаттарына  Песчан ауылы  тұрғындарының сұрағы аз болмады

432 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің депутаттары Гүлжан Қарағұсова, Василий Олейник, Сергей Симонов, Александр Суслов,Татьяна Яковлева өңірдегі Тереңкөл ауданы тұрғындарымен кездесті.

Мәжіліс депутаттарына  Песчан ауылы  тұрғындарының сұрағы аз болмады

Аудандағы Песчан ауылдық аумағы-төртінші деңгейлі бюджет енгізілген ауылдардың бірі.

Ауыл әкімі Алтынай Дүйсембаеваның айтуынша,3 мыңнан астам  тұрғыны бар ауылда түрлі салықтық түсімдерінен жергілікті бюджетке 5 миллион 300 мың теңге қаржы жиналған.

Өйткені, тұрғындардан салық жинау барысында бірқатар мәселелер бар. Біріншіден, заң бойынша жеке көлікке салынатын салық төртінші тоқсанның соңына дейін жиналуы тиіс.  Желтоқсан айында жиналған салық келесі жылға түседі. 

Сондай-ақ, ауыл белсенділері жылжымайтын мүлікті қайта бағалау талаптарын өзгерту қажет деп есептейді.

Депутаттар төртінші деңгейлі бюджетке қатысты Песчан ауылында айтылған  бұл мәселелер Парламент деңгейінде қаралатынын жеткізді.

Сонымен қатар, №2 мектеп мұғалімдері еңбекақының дұрыс есептелмейтініне де назар аудартты.

Ал, «Дипломмен ауылға!» келген  жас маман шетел тілін біліп, оқытудың жаңа жүйесін меңгерген. Олар 15-20 жылдық өтілі бар ұстаздардан әлдеқайда көп жалақы алады дейді.

Депутаттар «Дипломмен-ауылға!» бағдарламасы аясында қарастырылған жеңілдіктерді мұғалімдер мен дәрігерлерге ғана емес, енді

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында еңбек ететін техникалық мамандық иелеріне де беру керек деген туралы ұсыныс айтты.

Яғни, бұл аталған саладағы маман тапшылығы мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. Бұл мәселе де  Парламентте қаралатын  болды.

- Бұл  бастаманы орынды деп есептеймін. Олар да ұстаз, дәрігерлер сияқты әлеуметтік көмек алуға құқылы, - деді Гүлжан Қарақұсова Тереңкөл ауылындағы су тазарту стансасында болған кездесуде.

Депутаттар аудан орталығындағы жаңғыртудан өткізілген су тазарту стансасының жұмысымен танысты. Нысан өткен жылы пайдалануға берілген.

Аудан орталығындағы тұрғын үйлер орталықтандырылған су жүйесіне қосылған.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар