Аймақтар • 08 Ақпан, 2019

Тарихи маңызды бағдарлама

902 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Адамзат жаралғаннан бері тарих көші ешқашан толастаған емес. Сан мыңдаған жыл бойы жер бетіндегі тіршілік иелері табиғи, тарихи даму үрді­сінде қаншама қиыншылықтарды бастан өткере отырып ізденімпаздықпен, өткеннің қателігінен үйрену арқылы, өмір сүруге, тіршілігіне қажет жанды мен жансыздың бәрін қажетіне жарату арқылы бүгінгі өркениетке жеткені анық. 

Тарихи маңызды бағдарлама

Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері Елба­сының басшылығымен, қолдауымен елдің, жердің тарихын терең зерттеп білу, ақтандақ кездерде жаңсақ айтылған пікірлер мен ұғымдарға тарихи тұрғыдан оң бағасын беру «Мәдени мұра», «Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында елімізді, жерімізді әлем жұртшылығына таны­туда өте ауқымды жұмыстар атқарылды.

Осы бағдарламалардың жалғасы іспетті Елбасы­ның «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы тарихшы, әдебиетші, өнер зерттеушісі, өлкетанушы, жалпы елдің рухани дамуынан тыс қалмайтын зия­лы қауым, ізденушілер, жастар үшін қазіргі және болашақ ұрпақтың ел, жер, ұлт мәдениетін терең меңгеруіне серпін беретін тарихи маңызды бағдар­лама екені сөзсіз. 

«Жеті» − қасиетті сан. Енді алдағы дамуымыз­дың, рухани құндылықтарымыздың түп-тамыры, келе­шегіміздің темірқазығы осы жеті жоба болатыны айқын.

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік уни­верситетінің М.Қозыбаев атындағы тарихи зерт­теу­лер ғылыми орталығы өз жұмысында осы бағыт­тарды басшылыққа алып, ғылымға, елге қызмет етеді.

Нұржан ТҰРЛЫБЕКОВ, 

М.Қозыбаев атындағы тарихи зерттеулер ғылыми орталығының жетекшісі 

Шығыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар