Қазақстан • 08 Ақпан, 2019

Көктемгі егістік жұмыстарын жүргізу кезінде неге назар аудару керек?

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көктемгі егістік жұмыстарын жүргізу кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің «Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығының тракторлары мен тіркемелері қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент талаптарының орындалуы маңызды рөл атқарады.  Мән-жайды Тенхникалық реттеу және метрология комитеті тарқатып жазды.

Көктемгі егістік жұмыстарын жүргізу кезінде неге назар аудару керек?

Осы Кеден одағы техникалық регламенті Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылатын, ауыл шаруашылық және орман шаруашылық доңғалақты және шынжыр табан тракторлар мен олардың тіркемелерінің еркін орын ауыстыруын қамтамасыз ету үшін бірыңғай міндетті талаптарды белгілеу мақсатында әзірленді.

Техникалық регламенттің талаптары Кеден одағы техникалық регламенті барынша ең жоғары есептік жылдамдығы 6 км/сағ. кем болмайтын тракторлар мен тіркемелерге қолданылады. Сондай-ақ олардың қауіпсіздігіне әсер ететін және шығарған еліне қарамастан тракторлар мен тіркемелерден жеке Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында айналымға шығарылатын, қайтадан дайындалатын және енгізілетін тракторлар мен тіркемелердің компоненттеріне  қолданылады. Кеден одағының техникалық регламентінің 1-статьяның 2-бөліміне сәйкес Кеден одағы техникалық регламенті жеке дара, сондай-ақ жеке шығармашылық тәртіппен дайындалатын тракторлар мен тіркемелерге, осы Кеден одағы техникалық регламенті күшіне енгенге дейін Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында айналымға шығарылған, Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында бұрын пайдалануда болған, пайдалануда тұрған немесе жөндеуден өткен тракторлар мен тіркемелерге қолданылмайды.

Нарықта айналымға шығарар алдында тракторлар, тіркемелер немесе құрауыштар осы Кеден одағы техникалық регламентінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растаудан өтуге тиіс.