08 Ақпан, 2019

Әскери қызметшілердің балалары «Жас ұлан» республикалық мектебіне барды

514 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында әскери қызметшілердің балаларына Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне экскурсия ұйымдастырылды.

Әскери қызметшілердің балалары «Жас ұлан» республикалық мектебіне барды

Жас патриоттар мектеп тарихымен, мектеп тәрбиеленушілерінің өмір сүру жағдайымен танысып, кітапхананы, оқу-тарихи мұражайды, өзін-өзі дайындауға арналған оқу сыныптарын, спорт кешенін аралады. Павильонда қару үлгілері қойылып, онда балаларға олардың тактикалық-техникалық сипаттамалары айтылды.

Іс-шара соңында қонақтар мектеп басшылығына, әскери қызметшілерге және барлық оқытушылар құрамына қызықты және танымдық экскурсия үшін алғыстарын білдірді.