7 ақпанда Астанадан 1 024 текше метр қар шығарылды. «Астана Тазалық» қала сыртына қардың 194, өзге мекемелер 830 текше метрін жинады. 16 қазан мен 7 ақпан аралығында шығарылған қардың жалпы көлемі 1 605 786 текше метрді құрайды. Қаланы қардан тазалауға шыққан жұмыскер саны – 83. Бір тәулікте құм-тұз аралас қоспаның 188, ал 13 қазан мен 7 ақпан аралығында 18 507,5 текше метрі шашылды. 21 қарашадан бүгінге дейін көктайғаққа қарсы реагенттің 405,3 тоннасы себілді.
Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.