Аймақтар • 08 Ақпан, 2019

ШҚО-да аяз - 41 градусқа жетті

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алтайда аяз ақырып тұр. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің таратқан мәліметтеріне сенсек, Бесқарағай ауданында аяз - 41, Алтай ауданында - 40, Көкпекті ауданында - 39 градусқа жетіп жығылыпты. 

ШҚО-да аяз - 41 градусқа жетті

Өскеменде таңертең термометр бағаны - 36 градусты көрсетсе, шеткері ықшам аудан тұрғындары - 40 градусқа дейін жеткенін айтады. Қатты аязға байланысты бүгін өңірдің бірнеше қала-аудандарындағы мектептер мен колледждерде сабақ тоқтатылды. Сонымен қатар таңғы сағат 9-дан бастап Өскемен-Риддер, Өскемен-Шемонаиха, Өскемен-Алтай-Рахман қайнары, Семей-Павлодар облысы шекарасы бағыттарына жүк, қоғамдық және жеңіл көліктермен жолға шығуға шектеу қойылды.

Азамат ҚАСЫМ,

 «Egemen Qazaqstan»

Шығыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар