Аймақтар • 08 Ақпан, 2019

Өскемен имамдары қатты аязда тегін автобус шығарды

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменді кешелі бері қатты аяз буып тұр. Бүгін таңертең аяз - 40 градусқа жуықтады. Ауа райының күрт суытуына байланысты облыстық Халифа Алтай мешітінің қызметкерлері кешелі бері халықты тегін тасымалдай бастады. 

Өскемен имамдары қатты аязда тегін автобус шығарды

«Қатты аяздың салдарынан Өскемен қаласындағы тұрғындарының жұмысқа келіп-кетуіне айтарлықтай қиындықтар туындап отыр. Сондықтан адамдар суықта тоңып қалмас үшін өкілдіктен «Тегін такси» жобасын ұйымдастырып отырмыз. Имамдарымыз халықты таңертең және кешке тегін тасымалдап, қызмет көрсетуде» дейді облыстық Халифа Алтай мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин.

Халифа Алтай мешітінің қызметкерлерінен құралған 20-дан астам көлік қала тұрғындарына тегін қызмет көрсетуде. Сонымен қатар облыстық мешіттен аялдамаларда тұрған халыққа тегін ыстық шай және бауырсақ таратылып жатыр. Ал бүгін мешіт қызметкерлері жолаушыларды тегін тасымалдайтын автобус шығарды. Қаланың бір шетінен екінші басына дейін қатынайтын №46 бағдарлық бір автобусы таңғы сағат 6.00-ден 15.00-ге дейін тегін қызмет көрсетпек.

Азамат ҚАСЫМ,

 «Egemen Qazaqstan»

ӨСКЕМЕН

Соңғы жаңалықтар