Аймақтар • 08 Ақпан, 2019

Шымкент полицейлері белгілі хирургтің өлім себебін анықтап жатыр

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полицейлер Шымкент қалалық Жедел медициналық жәрдем ауруханасының бас дәрігері, белгілі хирург Мәди Биғалиевтің өлім себебін анықтап жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент полицейлері белгілі хирургтің өлім себебін анықтап жатыр

- Полицейлер Шымкент қаласының 60-65 жастағы тұрғынының денесі табылу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, -деп хабарлады полицейлер.

Профессор, медицина ғылымдарының докторы, Шымкентте және Түркістан облысында трансплантология негізін қалаған Мәди Биғалиев 62 жасында дүниеден өтті.

Хирург 37 жылда 10 мыңнан аса күрделі ота жасаған.