Спорт • 08 Ақпан, 2019

Қазақстан теннисшілері бірінші орын алды

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Ұлттық теннис орталығында өтіп жатқан Федерация кубогының Азия мен Мұхит жағалауы аймағы бойынша іріктеу жарысының «А» тобындағы бәсекелер Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды.

Қазақстан теннисшілері бірінші орын алды

Бірінші ойында Таиландты ойсарата ұтқан жерлестеріміз келесі кездесуін Үндістанға қарсы өткізеді. Бұл бәсекеде біздің қыздардың пайдасына шешілді. Атап айтсақ, Зарина Диас Карман Каур Тханди 6:3, 6:2 есебімен ұтса, Юлия Путинцева Анкита Райннан айласын асырды – 6:1, 7:6.

Әрине, Қазақстан құрамасының бұл жеңісіне таңдануға болмас. Өйткені, қос теннисшіміз де әлемдік рейтингте өз қарсыластарынан әлдеқайда жоғары тұр. Мәселен, Юлия Путинцева WTA тізімінде 43-орынды иеленсе, Анкита Райннан 165-сатыға табан тіреді. Ал Зарина Диас 96-орынды еншілесе, Тханди Карман Каур 211-сатыға жайғасты.

Ертең Қазақстан құрамасы «В» тобының жеңімпазы Қытаймен күш сынасады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар