Үкімет • 08 Ақпан, 2019

Үкіметте азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев елімізде қоғамдық қауіпсіздікті және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын одан әрі қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Үкіметте азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды

Кеңес барысында қоғамдық тәртіпті сақтау саласының қазіргі жағдайы және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары қаралды. Ішкі істер министрі Қ. Қасымов ұрлықтарға қарсы іс-қимыл, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және кәмелет жасына толмағандар арасында қылмыс істеушіліктің алдын алу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Бұдан өзге, әкімшілік және қылмыстық іс жүргізу қызметіне цифрландыруды енгізуге көңіл бөлінді.

Мәселелерді қарау қорытындысы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев тиісті мемлекеттік органдарға қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін шұғыл шешуге мүмкіндік беретін қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.