Осыған байланысты, Жалағаш аудандық сотының 6 ақпан 2019 жылы шыққан қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 128 - бабымен кінәлі деп танылып, оған елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 120 250 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, құқық бұзушы ата – ана Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің 29.12.2015 жылғы №1098 «Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидалары» бұйрығының талаптарына сай ішкі істер органдарының есебіне алынатын болады.