Футбол • 10 Ақпан, 2019

Көш басында - Лионель Месси

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның әйгілі L`Eduipe басылымы Еуропананың ең үздік бес чемпионатында өнер көрсетететіндер арасында жалақысы ең көп футболшылардың тізімін жариялады.  

Көш басында - Лионель Месси

Бұл көшті ­– Лионель Месси бастап тұр. Испанияның «Барселона» клубының шоқ жұлдызы айына 8,3 миллион евро алады екен. Екінші орында ­– Криштиану Роналду. Италияның «Ювентусының» сұрмергені 4,7 миллионды қалтаға басады. Үшінші орында ­– Антуан Гризманн. Мадридтің «Атлетикосының» ойыншысының жалақсы ­– 3,3 милллион.

Сондай-ақ, «ТОП-10» футболшының қатарына мыналар еніп отыр: Неймар (ПСЖ) ­– 3,06 миллион, Луис Суарес («Барселона») ­– 2,9 миллион, Гарет Бейл («Реал») – 2,5 миллион, Филиппе Коутиньо («Барселона») – 2,3 миллион, Алексис Санчес («Манчестер Юнайтед») – 2,28 миллион, Килиан Мбаппе («ПСЖ») – 1,73 миллион және Мест Өзіл («Арсенал») ­– 1,6 миллион евро.    

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»