Қазақстан • 10 Ақпан, 2019

Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері Астанадағы тұрғын үйлерді аралады

428 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2019 жылғы 9 ақпанда ІІМ ТЖ комитетінің және Астана қ. ТЖ департаментінің қызметкерлері Астана қаласының жеке тұрғын секторында (Көктал-1 тұрғын-үй алқабы) рейд жүргізді, онда тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді,  тұрғындарға ағымдағы жылыту мерзімінде тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, улы газбен улануды және оқыс оқиғаларды болдырмау үшін жылыту пештерін қауіпсіз пайдалану бойынша жадынамалар таратылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері Астанадағы тұрғын үйлерді аралады

Халық арасында өрт-профилактикалық жұмыстарды күшейту мақсатында ТЖ комитеті мен облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ТЖ департаменттерінде жедел штабтар ұйымдастырылды. Штабтар ТЖК және ТЖД бөлімшелерінің қызметкерлерінен құрылған. Сонымен қатар профилактикалық іс-шараларға ерікті түрде волонтерлік ұйымдар және өрт қауіпсіздігі саласында қызмет көрсететін ұйымдар тартылады. Штабтар елді мекендердің (көшелер, орамдар, шағын аудандар) өртке қарсы қызметтің назарын аударуды қажет ететін аса проблемалық аумақтарын анықтады.

Демалыс күндері азаматтардың көбі үйде болатынын ескере отырып, ТЖК бөлімшелерінің басқару аппараттарын қоса алғандағы барлық жеке құрамы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін аула-ауланы аралауға шығады.

Рейдтік іс-шаралар барысында халықпен нұсқаулық жүргізіліп, пештерді және басқа да жылыту аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары бойынша жадынамалар мен нұсқаулықтар таратылады.

Үй иелері келіскен жағдайда жылыту жүйесінің жай-күйіне тексеру жүргізіледі, ұсыныстар беріледі.

Суық түскеннен бастап (қазан айынан наурыз айына дейін)  жылыту құралдарын пайдалану басталғанына байланысты, тұрғын сектордағы өрт саны өсуде. Талдау көрсеткендей, өрттердің 70%-ы тұрғын үй секторында орын алады. Көптеген жағдайларда (36%) өрт халықтың отты абайсыз қолдануынан орын алады. Бұл ретте өрттің пайда болуының негізгі көзі электр желілері мен жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (32%), сондай-ақ пешпен жылыту (16%) болып табылады.

Адамдардың улы газбен улануының негізгі себептері: түтін құбыры мен шатырдың жанатын конструкцияларының арасында өртке қарсы бөліктің болмауы, пеш конструкциясындағы күйдіру мен жарықтың болмауы, тазартылмаған түтін шығарғыш және түтін шығарғыштың жабық қалқаны болып табылады.

Сонымен қатар балалардың өліміне ықпал ететін жағдай ересектерді қараусыз қалдыру болып табылады.

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51