Қысқы спорт • 10 Ақпан, 2019

Юлия Галышева параллельді могулдан 4-ші орын иеленді

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Парк-Сити қаласындағы әйгілі Дэр-Вилли бөктерінде (АҚШ, Юта) фристайл мен сноубордтан әлем чемпионаты аясында параллельді могулдан әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды. Жарыс нәтижесі бойынша, қазақстандық Юлия Галышева төртінші орын иеленді деп жазады Olympic.kz. 

Юлия Галышева параллельді могулдан 4-ші орын иеленді

Галышева іріктеу кезеңінен сүрінбей, жартылай финалға жетті. Ақтық сынға өту үшін ол Олимпиада чемпионы, франциялық Перрин Лаффонға қарсы шыққан болатын. Өкінішке қарай, Галышева Лаффонға есе жіберіп, қола медальға таласу құқығына ие болды. 

Алайда, қола медаль да қолдан сусып кетті. Америкалық Тесс Джонсон біздің спортшыны артта қалдырды.

Параллельді могулшылар бәсекесінде Перрин Лаффон алтын иеленсе, күміс пен қола америкалық Джейлин Кауф пен Тесс Джонсонның еншісінде. 

Айта кетелік, кеше, 9 ақпан күні, Юлия Галышева алғаш рет могулдан әлем чемпионы атанды.