Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, отырыста Каспий теңізінің құқықтық конвенциясынан, сонымен қатар Ақтауда өткен 5-ші Каспий жағалауындағы елдердің мемлекет басшылары саммиті нәтижесінде туындайтын бірқатар мәселелерді талқылау қарастырылған.
Еске сала кетсек, 2018 жылдың 12 тамызында Ақтауда 5-ші Каспий саммиті өтіп, оған теңіз жағалауындағы Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан елдерінің президенттері қатысты. Дәл осы алқалы жиын барысында 25 жылдан бері реттелмеген Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі айқындалған болатын. Саммитте қол жеткізілген келісімдерге сәйкес құрамында Каспий жағалауындағы елдердің уәкілетті өкілдері бар бесжақты тұрақты консультациялар өткізіп отыру тетігі қарастырылған. Бұл - Каспий теңізі мәселелері жөніндегі жоңғары деңгейлі жұмысшы тобы.
Айта кетерлігі, Қазақстан Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялады.