11 Ақпан, 2019

12-14 ақпанға арналған ауа райы болжамы

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республикамызда өткінші температураның төмендеуіне себеп болған солтүстік-шығыс тропосфералық ағындары батыс және оңтүстік-батысқа ауысты. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

12-14 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Сондықтан алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа температурасы климаттық мәнге жақын болады.

Республикамыздың оңтүстік облыстары арқылы циклон жылжып, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа температурасының жоғарылауын және жауын-шашын тудыратын болады. Ал Қазақстанның қалған аймағы антициклонның ықпалында жауын-шашынсыз ауа райында болады.