Қазақстан • 11 Ақпан, 2019

Жаңа өндіріс орындары көбейіп келеді

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев жаңа өндіріс орындарын іске қосудың барлық амалдары жасалып жатқандығын айтты.

Жаңа өндіріс орындары көбейіп келеді

Өткен жылы «Жасыл экономика – өңір дамуының жаңа бағыты» тақырыбында ұйымдастырылған Х-шы «Baikonyr Invest» халықаралық инвестициялық форумы жақсы жемісін беріп жатыр. Форум жұмысына әлемнің 15 елдің өкілі, сондай-ақ, 5 елдің Өкілетті және Төтенше Елшілері қатысқан болатын.

Соның нәтижесінде «Rino Asia» түрік компаниясымен керамикалық бұйымдар өндірісі жобасын іске асыру бойынша келісімге және 14 меморандумдарға қол қойылды. Оның 8 меморандумы жаңартылмалы энергия көздері және 6-ы өзге салалар бойынша.

«Сондай-ақ әлемнің 5 елінен (ҚХР, Татарстан, Украина, Ресей, Белоруссия) өкілдердің қатысуымен «Цифрландыру: Өңірлерді дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында ІІІ халықаралық интернет-форум өткізіліп, нәтижесінде инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша 4 меморандумға қол қойылды» деді Ринат Сұлтангереев.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы