Аймақтар • 11 Ақпан, 2019

Қостанайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының  қызметкері парамен ұсталды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

   Облыстық соттың баспасөз қызметі мамандандырылған тергеу сотының пара алуға ұмтылған деген күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы  Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкері Асқар Жаналиевті ұстау туралы санкциясын қанағаттандырғанын хабарлады. Оны өзінің әріптесі берген кепілдік бойынша 2 ай қамауға отырғызды.

Қостанайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының  қызметкері парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті Жедел басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Асқар Жаналиновке ҚР ҚК 24 және 366-баптарында қаралған едәуір көлемде пара алуға ұмтылды деген күдік бар. Күдік расталған жағдайда Жаналиев алған парасынан 60 есе артық айыппұл төлейді немесе 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Мүлігінің барлығы тіркіленіп, өмір бойы лауазымды қызмет істеу құқынан айырылады.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай