Аймақтар • 11 Ақпан, 2019

Алматыда жас ғалымдар форумы өтті

499 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандық аграрлық ғылым, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда жастардың белсенділігін дамыту мен интеллектуалды жастардың кәсіби алаңдағы кездесуі  «Жас ғалымдардың отандық агроөнеркәсіптік кешенінің индустриалды-инновациялық дамуына үлесі» I Халықаралық форумы аясында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде өтті.

Алматыда жас ғалымдар форумы өтті

Жастар жылы аясында өткен халықаралық форумға әлемнің ондаған мемлекетінен жас ғалымдар қатысып, тәжірибелерімен бөлісті.

Форумның ашылу салтанатында университет ректоры Тілектес Есполов ғылым мен өндірістің интеграциялануы, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді және ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыруды мақсат ететін оқу орнының жас ғалымдарды оқытудағы іс-тәжірибесіне, жетістіктеріне тоқталып, үздік жобаларды атап өтті.

Форум жұмысына қатысқан ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, Арготехнологиялық парк, «Даму» қоры, ғылыми-зерттеу институттары, ЖОО жас ғалымдар кеңесінің мүшелері, Түркия, Польша, Сербия, т.б. елдерден келген ғалымдар қатысты.

Форум аясында «Халықаралық қысқы мектеп-2019» өз жұмысын бастады. Сонымен қатар жеке секциялар бойынша  тәжірибе сағаттары өтіп, жас ғалымдар  агротуризм, өсімдік шаруашылығындағы агроинновация, табиғи ресурстарды басқару, жаңа технологиялар және агротехникалық құралдар, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, ветеринария, жасыл экономика, су ресурстарын басқару, т.б. бойынша ғылыми жұмыстары аясында пікір алмасты.  

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Еqemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ