Қазақстан • 12 Ақпан, 2019

«Цеснабанкке» капитал салды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

First Heartland Securites (FHS) брокерлік компаниясы «Цеснабанктің» капиталын 70 миллиард теңгемен толықтырды. Бұл туралы LS хабарлады.

«Цеснабанкке» капитал салды

Банктің 99,5 пайыз жай акцияларына иелік ететін компания бұл шешімді «Цеснабанктің» акцияларын сатып алу келісімшартының аясында жүзеге асырып отыр. 

«Цеснабанктің» қаржылық тұрақ­ты­лығын көтеру мақсатында соңғы бірнеше ай ішінде оған мемлекеттік қолдау ша­ра­сы көрсетілгені белгілі. Сөйтіп, проб­ле­малық несиелер қоры оның жалпы құ­ны 604 миллиард теңгені құрайтын ауыл­шаруашылық несиелер портфелін алған болатын. Оның мән-жайы туралы банк:

– Нарықтағы ахуалдардың жылдам өзгеруіне байланысты ауылшаруашылық тауарын өндірушілердің қаржылық жағдайлары нашарлады. Бұл банктің қаржылық тұрақтылығына әсер етті. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде банк капиталына жаңа инвестор тар­туға, ауылшаруашылық тауарын өндіру­ші­лерге қосымша қолдау көрсетуге жә­не олардың жағдайын жақсартуға қол жет­кізілді, – деп хабарлаған болатын. 

Сонымен қатар таяуда «Цеснабанк» АҚ басқарма төрағасы Ульф Вокурка қыз­метінен кетіп, оның орнына Бекжан Пір­метов тағайындалды. Бекжан Пірметов бұған дейін «First Heartland Securites» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген болатын. 

Назарбаев Университеттің президенті, Назарбаев зияткерлік мектептері Қам­­­қор­лық кеңесінің төрағасы және Назарбаев Қорының Қамқоршылық кеңе­сінің мү­ше­сі Шигео Катсу «Цеснабанк» АҚ Дирек­торлар кеңесінің басшылығына бар­ғанын да айта кету керек.