Әлем • 12 Ақпан, 2019

Мұнай бағасы төмендеді

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүйсенбі күні Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді.

Мұнай бағасы төмендеді

Лондондағы ICE Futures биржасында сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,39 долларға төмендеп, 61,58 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) наурыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,31 долларға арзандап, бір баррелі 52,41 доллар болды.