12 Ақпан, 2019

Өскемендік кәсіпкер 1500 бейнекамераны тегін орнатып берді

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде «Қауіпсіз аула» жобасы жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Жоба аясында шаһардағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бейнебақылау камералары орнатылуда. 

Өскемендік кәсіпкер 1500 бейнекамераны тегін орнатып берді

Осы жобаға алғаш болып үн қатып, қолдау білдіргендердің бірі – өскемендік кәсіпкер, «Шығыс innovation» ЖШС-нің директоры Евгений Супроненко. Қалалық және облыстық «Жомарт жүрек» байқауларының «Жыл меценаты» және «Жылдың үздік ұйымы» номинацияларының жеңімпазы облыс орталығына 1500 бейнекамераны тегін орнатып, соның нәтижесінде 10-ға жуық ауланың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген болатын.

«Құзырлы органдардың мәліметтеріне сүйенсек, күнделікті бақыланатын бейнекамералардың арқасында өткен жылы қалада 300 құқық бұзушылық ашылған. Сондықтан бейнекамераларды орнату сән-салтанат емес, қажеттілік. Жалпы, әлеуметтік мәселелерді шешуге тек мемлекет қана емес, біз де, яғни кәсіпкерлер де мүдделі болуымыз керек», - дейді кәсіпкер.

Азамат ҚАСЫМ,

«Egemen Qazaqstan»

ӨСКЕМЕН