Қазақстан • 12 Ақпан, 2019

Қалмұханбет Қасымов қызметінен кетті

845 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрі Қ.Қасымов қызметінен босатылып, жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қалмұханбет Қасымов қызметінен кетті

Қалмұханбет Қасымовты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындау туралы Жарлық шықты.

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы  болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметінен босатылсын, делінген Ақордада жарияланған мәлімдемеде.