Аймақтар • 12 Ақпан, 2019

Түлкібаста табиғи емдік туризм дамуда

1070 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Түлкібас ауданының тамаша табиғаты аясында демалып әрі саумалмен емделгісі келетіндер көп. Өткен жылы 16 мың 658 турист келген. Оның 813-і шетел азаматтары.

Түлкібаста табиғи емдік туризм дамуда

Ауданда табиғи емдік туризмді дамыта түсу мақсатында бірқатар жобаларды жүзеге асыру көзделуде. Соның бірі - жалпы құны 347 млн. теңге, 100 орынға лайықталған «Жайлау» емдеу - сауықтыру орталығы іске қосылмақ. Орталықта жаңадан 50 жұмыс орны ашылады. Аталмыш жоба биыл жүзеге асырылып, 2000 турист қамтылады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, «Нұрлыхан» шаруа қожалығында жалпы құны 340 млн. теңге, сыйымдылығы 50 орын саумалмен емдеу орталығы ашылады. Биыл іске қосылатын орталық 1500 туристке қызмет көрсетеді деп болжанып отыр. Облыстық бюджеттен инфрақұрылым жұмыстарына 103 млн. теңге қаржы қарастырылып, қазіргі таңда 55 млн. теңге бөлінген. Сонымен бірге, жалпы құны – 417 млн теңге, 70 орындық «Этносаябақ» ашып,  30 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Өткен жылы туристерге 32 нысан 340,6 млн. теңгеге сапалы қызмет көрсеткен. Көрікті жерлердің тізімі жасалып, ауданды таныстыру мақсатында туристік маршруттар құрылған.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жол бойында құрылысы жүргізіліп жатқан 3 ірі жобаның да негізгі мақсаты қонақтар мен жолаушыларға сапалы қызмет көрсету. Соның бірі – жалпы құны 346 млн. теңге, сыйымдылығы 100 орын, 25 адамды жұмыспен қамтитын «Құрылыс» ЖШС жол бойы қызмет көрсету орталығы. Бүгінде құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталған. «Шұқырбұлақ» және қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілген «Шақпақ» жол бойы қызмет көрсету орталықтары да жолаушыларға қызмет көрсете бастайтын болады.

 

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Түркістан облысы