Қазақстан • 12 Ақпан, 2019

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

13 ақпан күні Жамбыл облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыс бағыттан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін, екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Дауыл тұру ықтималдылығы - 90-95 %.

13 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Сондай-ақ,13 ақпанда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыс бағыттан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 18-23 м/с, кей жерлерде 25 м/с дейін жететіні күтілуде.

Дауыл тұру ықтималдылығы - 90-95 %.