Қоғам • 12 Ақпан, 2019

Еліміздегі еңбек нарығының жағдайы қандай

1741 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті еліміздегі еңбек нарығының жағдайы туралы мәлімдеме жасады. 

Еліміздегі еңбек нарығының жағдайы қандай

Республика экономикасында 2019 жылғы қаңтарда, бағалау бойынша 8,7 млн. адам жұмыспен қамтылды (бағалау деректері бойынша). Жұмыспен қамтылған халық арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны аталған кезеңде 6,6 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,1%) құрады.

2018 жылғы IV тоқсан (Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу қорытындылары) деректері бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 90,9%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 9,1% құрады.

2018 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 442,5 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2019 жылғы қаңтарда айының соңына 111,0 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің санының 1,2%-ын құрады.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі 2018 жылғы IV тоқсанда жұмыс күшінің санының 0,3%-ын (25,1 мың адам) құрады.