Кирилл жаңа команда сапындағы алғашқы матчын биылғы тамызда ойнамақшы.
«Бұл беделді клубтардың бірі. Бапкерлері жоғары білікті мамандар. Кирилл танымал әрі шебер спортшылармен командалас болмақшы. Ол жердегі жаттығу базасы керемет, шеберлікті шыңдауға барлық мүмкіндік жасалған», - дейді ұлттық команданың кеңесші бапкері Дмитрий Левенко.
Кирилл Герасименко Астанадағы Қазақстан Спартакиадасында төрт алтын медаль иеленді. Ол үстел теннисінен Олимпиада ойындарына (2016 жылы) жолдама алған тұңғыш қазақстандық спортшы.