«Республиканың кей жерлерінде қар жауып, Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы, солтүстігі мен орталығында күн ашық болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады, жел күшейеді», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы күндіз - 9-11, түнде - 18-20.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел 0-5 м/с. күндіз +1+3, түнде -4-6.
Шымкентте күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +8 + 10, түнде + 3 + 5.
Қызылорда облысында күндіз аздаған жауын – шашын болады, кей жерлерде тұман түседі, түнде кей жерлерде жел 15-23, күндіз 25 м/с болады, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Күндіз 0-5, түнде - 8 -13.
Алматы облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, Жалаңашкөл ауданында жел 20-25, екпіні 30 м/с болады.
Жамбыл облысында күндіз жауын – шашын болады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23-28 м / с болады.
Түркістан облысында күндіз жауын – шашын болады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қар жауып, боран соғады, тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады.
Ақмола облысында түнде кей жерлерде қар жауып, кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз - 10-15, түнде - 18-23.
Маңғыстау облысында ауа райы жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0 + 5, түнде -1 -6.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз -13 -18, түнде -20 -25.
Ақтөбе облысында ауа райы жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -4- 9, түнде-16-21.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз -7 -12, түнде -17 -22.
Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -6 -11, түнде -13 -18.
Павлодар облысында түнде кей жерлерде аздаған қар жауып, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз -7 -12, түнде -20 -25.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз -7 -12, түнде -17 -22.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз -2 +3, түнде -5 -10.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің ауытқуы байқалатын болады. Қазақстанның басқа су нысандарында гидрологиялық режимде елеулі өзгерістер болмайды», - деді синоптиктер.