13 Ақпан, 2019

Рухани жаңғыру – уақыт талабы

685 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

XXI ғасыр өз білімін үздіксіз жетілдіру қабілетіне қатаң талаптар қояды. Не үшін? Себебі біздің көз алдымызда шынымен де жаңа технологиялық және тарихи шарттар пайда болуда. Бірнеше жыл бұрын болмаған жаңа мамандықтар пайда болып, аз уақыт ішінде әлем түбегейлі өзгеруде. Бұны саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар да айтып отыр.  

Рухани жаңғыру – уақыт талабы

Сол себепті Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мақала­сы дер кезінде шыққан, еліміз­дің қазіргі өміріндегі маңызды бағдарла­малық құжат болып табылады. 

Біріншіден, ел Президентінің күні бүгінге дейін адамзат баласы жинаған үлкен өркениет тәжірибесін талдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізгенін атап өту керек.

Бұл өте терең бағдарламалық құжат. Елбасының мақаласы Қазақстанның бүгін қандай болуы керектігі, сондай-ақ сынақ­тардан қалай өтіп, дамыған 30 елдің қатарына қалай кіру туралы барлық сұрақтарға толық жауап берілген. 

Әлем өзгеру үстінде. Аймақ­тағы, Таяу Шығыстағы тұрақсыз геосаяси жағдай, ғаламдық терроризм бізге бірнеше жыл бұрын алыста болып көрінетін. Бірақ қазіргі шындық жаһандану процесіне байланысты біздің қоғамымызға да әсер етпей қоймайтыны белгілі. Тәуелсіз­дік алған уақыттан бері тарихи өлшем бойынша көп уақыт өт­песе де, соған қарамас­тан біз зор жетістіктерге жетіп, әлем­дегі жылдам дамушы мем­ле­кет­тердің біріне айналдық. Бар­лық жетістіктер Мемлекет бас­шысының көрегендігінің ар­қа­сында тұрақты түрде даму үстін­деміз. Қазір біздің еліміз өз тарихының жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Сондықтан да Елбасы өзінің мақаласында бізге нақты әрі барлығын қамтитын нұсқаулықтар беріп, бәрімізді бір мақсат үшін  бірігуге шақырды. Бұл бізге заманауи азаматтары, инновациялық экономикасы, озық ғылымы мен бай мәдениеті бар жетекші мемлекеттердің бірі болуға мүмкіндік береді. 

Президенттің Қазақстан­ды экономикалық, ғылыми-тех­никалық жағынан дамыту идея­ларын белсенді жүзеге асыру үшін рухани жаңғыруымыз қа­жет, ал бұл уақытты талап етеді.

Әрбір ел өзінің рухани байланыстарын, түп-тамырларын ұмытпауы тиіс. Ол халықтың мәдениеті, тілі, салт-дәстүрлері болып  табылады. Сондықтан да қазақтың рухани мәдениеті – біздің қуатты идеологиямыз. Біздің ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әде­бие­тіміз, бір сөзбен айтқан­да, ұлттық рух үнемі бізбен бір­ге қалуы тиіс. Сонда ғана біз­дің еліміз алға қарыштап өсетіні белгілі.

Елбасы атап өткендей, Қазақ­­­станның рухани жаң­ғыруы бүгіннен басталған жоқ, тәуел­сіз­­­дікті алған жылдардан бас­та­ла­­ды. Мәселен, «Мәдени мұра» бағ­дарламасының аясында тарихи, мәдени ес­керт­кіштер жа­­ңар­­тылып, «Халық – тарих тол­­қынында» бағ­дарламасының ая­сында біздің еліміз бен халқы­мыздың ма­ңыз­ды тарихи құжат­тары жи­налды. Алда әлдеқайда ма­ңыз­­ды жұмыстар күтіп тұр­ға­нын қоғамымыз жақсы біледі.

Өткен жылдары экономи­каға және техникалық перс­пек­тива­ларға басымдық беру қажет болды. Осыған байланыс­ты жаңа гуманитарлық ойлау­ға және білімге де көңіл бөліну үстінде. Осыған орай тарихи сәйкестікті, тарихқа деген махаббатымызды арттыру қажет. Мақалада ұлттық ойлаудағы құндылықты сақтай отырып, ұлттық код шекараларын кеңей­ту қажеттігі айтылған.  «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» мақаласы – біздің мемлекетіміз үшін жа­ңа перспективаларды ашатын қазақ­­стандық қоғамның рухани жаңғыру бағдарламасы болып табылады. 

Әрине жаңа шындық жағ­дайында қоғамдық сананы өзгерту мен жаңарту күш салуды талап етеді. Елбасы айқында­ған Қазақ­станның қоғамдық санасын дамыту стратегиясы елдің әлем­дік қоғамдастықтағы бәсе­ке­ге қа­бі­леттілігін арттыруға бағытталған. 

Ертеңгі күннің ерекшелігі минерал­дық ресурстарда емес, ұлттың жетістігіне ық­пал ете алатындай бәсекеге қабі­летті адамдардың болуында. Қазақ­стан дамыған елдермен салыс­тыруға келетіндей мемлекет болуы үшін ұлттық прагматизмді қа­лыптастыруы тиіс. Біздің бү­гін­гі міндетіміз – осының ма­ңыз­дылығын өсіп келе жатқан ұрпаққа жеткізу.

Сондықтан Елбасы айт­қандай, еліміздің әр азаматы, қоғам, саяси партия мен қоз­ғалыстар, барлық мем­лекеттік органдар реализм мен прагматизм негізінде қоғамдық сана­ның өзгеруіне белсенді қатысу үшін бір-бірімен келісімді түрде жұмыс істеуі тиіс.

Жексенбай ДҮЙСЕБАЕВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты, экономика ғылымдарының кандидаты