Парламент • 13 Ақпан, 2019

А.Мұхамедиұлы: Тарихи-мәдени нысандарды жекешелендіруге жол бермеуге тырысамыз

102 реткөрсетілді

Н.Нығматулиннің төрағалығымен өтіп жатқан Мәжіліс отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарап жатыр.

Отырыста сөз алған Арыстанбек Мұхамедиұлы Заң жобасындағы тарихи-мәдени мұраларды сақтау тармағы туралы Мәжіліс депутаттарының сұрағына жауап берді.

Мәдениет және спорт министрінің айтуынша, Заң жобасында тарихи мәдени объектілерді жекешелендіруге жол бермеу қарастырылған.

«90-жылдары маңызы бар объектілер қараусыз қалып, олардың барлығы мемлекеттің қарамағына өтті. Қараусыз қалған ескерткіштеріміз өз маңыздылығын да жоғалтып алатын еді. Қазір мәдени ескерткіштерді жекешелендіруге жол бермеуді қарастырып жатырмыз. Мүлік туралы заңда бұл туралы жазылған. Еліміздегі мәдени маңызы бар объектілердің тізімі Үкімет отырысына ұсынылады. Үкімет тізім бойынша шешімін шығарады» деді Мәдениет және спорт министрі.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар