Спорт • 13 Ақпан, 2019

«Барыс» өз рекордын қайталады

337 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсеткен кезден бері «Барыс» гол соғу жағынан ең үздік көрсеткішке 2013/14 жылғы маусымда қол жеткізген еді. Сол кезде жерлестеріміз 52 кездесуде қарсыластар қақпасын 182 мәрте дәл көздеді.

«Барыс» өз рекордын қайталады

Кеше «Сибирь» клубына қарсы ойын барысында бес мәрте мергендік танытқан астаналықтар осыдан бес жыл бұрынға рекордын қайталады. Мұз айдынына 57 мәрте шыққан астаналықтар 182 рет мергендік танытты. Осы орайда ҚХЛ-дың тұрақты біріншілігі аяқталғанға дейін «Барыс» әлі бес ойын өткізетінін ескерсек, онда жоғарыдағы көрсеткіштің өзгеретіні айдан анық. Осылайша, біз алдағы күндері жаңа рекордтың куәсі боламыз.

Тұрақты біріншіліктегі қалған бес бәсекені «Барыс» мына командаларға қарсы өткізеді: Қытайдың «Куньлун» (14 ақпан, үйде), Омбының «Авангард» (16 ақпан, үйде), Владивостоктың «Адмирал» (18 ақпан, қонақта), Хабаровскінің «Амур» (20 ақпан, қонақта) және Қытайдың «Куньлун» (22 ақпан, қонақта) клубтарына қарсы ойнайды.

  «Барыстың» ҚХЛ-да соққан голдар саны  

1 маусым (2008/09): 56 ойын – 174 гол.

2 маусым (2009/10): 56 ойын – 169 гол

3 маусым (2010/11): 54 ойын – 155 гол

4 маусым (2011/12): 54 ойын –160 гол

5 маусым (2012/13): 52 ойын – 175 гол

 6 маусым (2013/14): 54 ойын – 182 гол

 7 маусым (2014/15): 60 ойын – 170 гол

8 маусым (2015/16): 60 ойын – 167 гол

9 маусым (2016/17): 60 ойын – 151 гол

10 маусым (2017/18): 56 ойын – 148 гол.

  Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

 «Egemen Qazaqstan»