«Қара археологияға» заңсыз археологиялық жұмыстар жатады. Арнайы құзыретті мекеменің тапсырмасынсыз жүзеге асатын мұндай жұмыстар көп. Бұл сұрақтың шешімін табу және археологиялық жұмыстарды жүйелеу үшін заңда арнайы нормалар бар. Бұл мәселені шешу және реттеу мақсатында заң жобасында археологиялық жұмыстарды жоспарлау бойынша норма бар. Бұл норма «қара археология» проблемасын шешуге қаншалықты мүмкіндік береді және оны іске асыру тетігі қандай болады?» деп Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Сергей Звольский министрге оның «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» ҚР Заңының жобасы туралы баяндамасынан кейін сұрақ қойды.
Өз жауабында А. Мұхамедиұлы бұл мәселенің өзектілігін атап өтті. «Қазіргі уақытта Қазақстанда бұл жағдай басқарылмайды. Біз шындықты айтуға тиіспіз. Жеке тұлғалар археологиялық жұмыстарды жүргізу үшін лицензия алады. Талаптар өте қарапайым, солай іс жүзінде барлығы лицензия алады. Онда міндетті түрде ғылыми қызметкер болуы керек», деді министр. Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда табылған артефактілерді бақылау тетігі жоқ.
«Бізде табылған бақылау тетігі жоқ. Жеке археологиялық экспедициялар шығады, ал олар кейін артефактілерді қайда тапсырып, қолданады? Біз одан бейхабармыз. Көптеген бірегей артефактілерді осылай жоғалтамыз. Сондықтан, егер сіздер қолдау білдірсеңіздер, Заң бойынша қатаң қадағалауға және осы құбылыстардың жолын кесуге шақырамын. Археологиялық экспедициялар мұражайлар арқылы өтетін норманы енгізу қажет. Сол кезде мұражайлар осы археологиялық топтардың немен айналысатынын қадағалайтын болады», - деп атап өтті ол.