Аймақтар • 13 Ақпан, 2019

Қызылордалықтар мемлекеттік қызметтерді саусақ ізімен ала бастады

258 реткөрсетілді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Астана және Алматы қалаларынан кейін мемлекеттік қызметтерді алудың биометриялық әдісін Қызылордаға енгізді.

Жаңа сервистің ресми таныстырылымы облыс әкімінің жыл сайынғы есептік кездесуі барысында өтті. 

Енді  қызылордалықтар жеке басын растайтын құжатсыз-ақ мекенжай мен жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамаларды саусақ іздерін пайдалана отырып алу мүмкіндігіне ие. 

Ол үшін бұрынғыдай электронды цифрлық қолтаңба немесе жеке бас куәлігінің қажеті жоқ. Жобаға қатысу үшін азаматтардан оң және сол қолдарының сұқ саусақтарының іздері талап етіледі. Бүгінгі таңда бүкіл әлемде қолданылатын халықаралық стандарттарға сәйкес, биометриялық деректер базасына мәліметтерді оператордың көмегімен бас-аяғы 5 минуттың ішінде енгізуге болады.

Мамандардың айтуынша, жаңа жүйе азаматтардың дербес деректерінің қорғалуын күшейтеді, өз бетінше алынатын қызметтер санының артуына әсер етіп,  бөгде азаматтардың жалған анықтама алу фактілерін болдырмайды.

Таныстырылым барысында 100-ге жуық қызылордалық биометриялық деректер жүйесіне тіркеліп, мемлекеттік қызмет алып көрді.

Айта кетейік, мемлекеттік корпорация биометриялық сервисті өткен жылдың желтоқсан айында іске қосты. Биометрия жобасы қыркүйек айына дейін өзге қалаларда да жүзеге асырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар