«Көптеген адамдар мұрағатта құжаттармен қатар Ұлттық мұрағат қорын толтырған жеке тұлғалар туралы деректердің сақталатынын біле бермейді. Егер сізде Астана, Ақмола, Целиноград тарихы туралы құжаттар бар болса, оларды Астана мұрағатына ұсыныңыз», – делінген Астана қаласының мемлекеттік мұрағатының Facebook желісінде таратқан хабарламасында.
Мұрағаттық материалдар санатына қағаз құжаттар (хаттар, күнделіктер, кітаптар, газеттер және т.б), сондай-ақ фото, бейне, аудио-материалдар, кинохроника, экспонаттар және басқа да тарихи артефактілер енгізілуі мүмкін.
Тарихи құжаттарды ұсынған азаматтарға Астана тарихының сақталуына үлес қосқандығы туралы құжат беріледі.
Материалдар электрондық түрде мұрағаттың электрондық поштасында қабылданады. astana.gorarhiv@mail.ru ескерту. Байланыс телефоны: 8 (7172)249054.
Акция Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласындағы тапсырмаларды жүзеге асыру аясында жүргізіліп жатыр.