Аймақтар • 13 Ақпан, 2019

Астаналықтар елорда жылнамасына өз атын енгізе алады

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана жылнамасына өз атыңды жаз» акциясы сізге өз атыңызды Ұлттық мұрағат қорына мәңгі енгізуге мүмкіндік береді деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астаналықтар елорда жылнамасына өз атын енгізе алады

«Көптеген адамдар мұрағатта құжаттармен қатар Ұлттық мұрағат қорын толтырған жеке тұлғалар туралы деректердің сақталатынын біле бермейді.  Егер сізде Астана, Ақмола, Целиноград тарихы туралы құжаттар бар болса, оларды Астана мұрағатына ұсыныңыз», – делінген Астана қаласының мемлекеттік мұрағатының Facebook желісінде таратқан хабарламасында.

Мұрағаттық материалдар санатына қағаз құжаттар (хаттар, күнделіктер, кітаптар, газеттер және т.б), сондай-ақ фото, бейне, аудио-материалдар, кинохроника, экспонаттар және басқа да тарихи артефактілер енгізілуі мүмкін.

Тарихи құжаттарды ұсынған азаматтарға Астана тарихының сақталуына үлес қосқандығы туралы  құжат беріледі.

Материалдар электрондық түрде мұрағаттың электрондық поштасында қабылданады. [email protected] ескерту. Байланыс телефоны: 8 (7172)249054.

Акция Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласындағы тапсырмаларды жүзеге асыру аясында жүргізіліп жатыр.