Қазақстан • 13 Ақпан, 2019

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы онкогематологиялық науқастар үшін қан тапсырды

324 реткөрсетілді

Сауапты істерді үрдіске айналдырған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның Алматы  филиалы жыл сайын қан тапсырады. Биыл да корпорацияның 200-ге тарта қызметкері осы ізгі шараны жалғастырды. Ал ұжым ішінде Құрметті донорлар да бар.

Мәселен, аталмыш корпорацияның Алматы фронт-кеңсесінің қызметкері Динара Тұрғалиева соңғы он жылда 57 рет қан тапсырған, яғни бұл – 25 литр қан. Қан орталығы да ізгі қызметкерді «Сенімді донор» номинациясымен марапаттаған.

Биылғы «Қан тапсырып, үміт сыйла» қайырымдылық акциясы созылмалы қан ауруларына ұшырағын, яғни онкогематологиялық науқастардың өмірін ұзартуды көздейді.

«Бүгінде Алматының қан орталығы 20-дан астам медициналық ұйымға қызмет көрсетеді. Жылына 6-7 мың науқасқа, оның ішінде 1 мыңнан астам балаға біздің орталықтан қан компоненттері беріледі. Сондықтан Алматы қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының бастамасын ықыластана қарсы алдық. Түрлі дерттерге шалдыққан  науқастарды емдеу үшін ауруханалардың қан препараттарына қажеттілігі әрдайым туындайды. Өкінішке қарай, біздің елдегі саны кемімей отырған онкологиялық науқас балалар күн сайын қанға мұқтаж. Сондықтан бірінші кезекте жиналған қан №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының кішкентай пациенттеріне жіберіледі. Сондай-ақ №7 қалалық клиникалық аурухананың онкогематологиялық науқастарын емдеуге беріледі», – дейді Алматы қаласы қан орталығының директоры Жандос Нәдіров.     

«Әрбір адам донор болуға және біреулерге өмір сыйлауға қабілетті. Осы күнге дейін қан құю – көптеген адамның өмірін құтқарып қалудағы мүмкіндіктің бірі. Сондықтан барлық әріптестеріме акцияға қолдау көрсеткені және атсалысқаны үшін алғыс айтамын. Акция барысында жиналған барлық қан қала ауруханаларындағы ауыр науқастарды, оның ішінде онкологиялық ауруларды емдеуге бағытталатын болады», – дейді мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласындағы филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова.  

Статистика бойынша әрбір үшінші адам өмір бойы қан құюға мұқтаж. Донор болу– өзінің қанын беру арқылы біреуге өмір сыйлайтын ерекше ізгі амал.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Ғарыштағы қоқыс (видео)

Видео • Бүгін, 13:08

Жарқын жобалар

Аймақтар • Бүгін, 10:00

Сөз сойыл №88

Руханият • Бүгін, 09:42

Трактормен келген фельдшер

Аймақтар • Бүгін, 07:00

Сабақ тоқтады, жолдар жабылды

Аймақтар • Бүгін, 06:53

Қар қалың, қауіп көп

Аймақтар • Бүгін, 06:51

Ырғын қар ырық берер емес

Аймақтар • Бүгін, 06:50

143 жолаушы құтқарылды

Аймақтар • Бүгін, 06:47

Жырақтағы жұлдыздар

Қоғам • Бүгін, 06:43

Такси және тойымсыздық

Қоғам • Бүгін, 06:14

Ұқсас жаңалықтар