Аймақтар • 13 Ақпан, 2019

Қызылорда облысы: денсаулық сақтау нысандарының 86% жаңартылды

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 жыл ішінде апатты жағдайдағы ғимараттардың орнына 49 денсаулық сақтау нысаны салынды, қалған 8 нысанның құрылысын таяу екі жылдың ішінде аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда облысы: денсаулық сақтау нысандарының 86% жаңартылды

Соңғы 5 жылда облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының 63%-ы жаңғыртылды.

2018 жылы Арал ауданының Бекбауыл ауылында, Қазалы ауданының Өркендеу  ауылында және Сырдария ауданындағы Ақжарма ауылында 3 жаңа ауылдық амбулатория, сондай-ақ Арал және Қазалы аудандық орталық ауруханалары пайдалануға берілді.

Шиелі аудандық орталық ауруханасының құрылысы жақын арада аяқталады, сондай-ақ, Жалағаш аудандық ауруханасының құрылысы басталады.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпсалалы аурухана құрылысының жобасы әзірленуде. Жобаны облыс орталығының сол жақ жағалауында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыру жоспарлануда.

Бүгін, 2019 жылы 13 ақпанда, Н.Бекежанов атындағы театрда облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың халық алдында есеп беру кездесуі өтті, жиында аймақ басшысы өткен жылды қорытындылап, 2019 жылға арналған жоспарларды баяндады.

  Есепті кездесу «Qyzylorda» облыстық телеарнасының эфирінде, Қызылорда облысы әкімдігінің ресми facebook парақшасында және youtube әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфирде көрсетілді.