Психолог кабинетінде стрестік жағдайлардан кейінгі ауыртпалықты алып тастауға көмектеседі. 2018 жылы теміржол желісінде басудың алдын алу үшін жүк және жолаушылар пойыздарының машинистері 3200 астам жедел тежегішті қолданған. Локомотив бригадаларының кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында 90% жағдайда басуға жол берілмей, адамдар аман қалды.
Бұл ретте машинистер мен олардың көмекшілері уайымдаудан стрестік ауыртпалық шексе, бұл олардың психикалық денсаулығына әсер етеді. Жүйкеге тиетін осындай шиеленісті қолмен сырып алып тастайтындай оңалту курстары локомотив бригадаларының жұмысқа қабілеттігін сақтайды.
Локомотив бригадасын құру кезінде психолог пікірі міндетті түрде ескеріледі. Білікті маман қарым-қатынасқа әзірлік деңгейіне және жеке басының жағдайына баға беріп, тест өткізеді. Бұндай кеңестер стандарттық емес жағдайларда машинистер мен олардың көмекшілерінің үйлесімді іс-әрекет етуіне, жұмыста қақтығыстарды болдырмауға ықпал етеді.