Өнер • 14 Ақпан, 2019

Димаш Құдайберген Испаниядағы бейнебаян түсірілімінен суреттер жариялады

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Димаш Құбайберген «Любовь уставших лебедей» әніне түсіріліп жатқан бейнебаяннан бірнеше кадрлармен бөлісті. Ол суреттерді Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. 

Димаш Құдайберген Испаниядағы бейнебаян түсірілімінен суреттер жариялады

Димаш Құдайберген Игорь Крутойдың «Любовь уставших лебедей» атты әніне Испанияда бейнебаян түсіріп жатыр. 

Бұған дейін Игорь Крутой қазақстандық әншінің Ресейде жетістікке жететініне сенетінін айтқан. Димаш Құдайберген композитормен бірге бірнеше рет ән шырқаған. Бұл әнді бірінші болып канадалық әнші Лара Фабиан айтқан.

Бір сұхбатында Димаш «Игорь Крутойдың шақыруын қуанышпен қарсы аламын, бұл мен үшін құрмет. Сіздер «Песня года» концертін ауқымды екенін білесіздер, ол Олимпийскийде өтеді. Оған қоса Игорь Крутойдың сүйемелдеуінде ән шырқау деген... Мен ол концертке қатысуды ұйғардым» деген болатын. Бірнеше күн бұрын еліміздің мақтанышы The World's Best шоуында ( CBS телеарнасында өтетін байқау) төрешілерді таңғалдырған еді. Әнші 100-ден 98 ұпай жинады. Наурызда әнші Кремльде концерт өткізеді. Ал жазда ол Астана қаласының тұрғындарының алдында ән шырқайтынын еске саламыз.