Аймақтар • 14 Ақпан, 2019

Өткен тәулікте 37 мың текше метрден астам қар жиналды

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13 ақпан қаланы қардан тазалауға 285 жұмыскер шықты. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өткен тәулікте 37 мың текше метрден астам қар жиналды

Қаланы қардан тазалауға мамандандырылған техниканың 610 бірлігі жұмылдырылған. «Қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 37 045 текше метрді құрайды. «Астана Тазалық» қала сыртына қардың 15 190, өзге мекемелер 21 124, «Астана көгалдандыру құрылысы» 731 текше метрін шығарды» делінген «Астана Тазалық» ЖШС компаниясының хабарламасында.

16 қазан мен 13 ақпан аралығында шығарылған қардың жалпы көлемі 1 791 766 текше метрді құрайды. Бір тәулікте құм-тұз аралас қоспаның 46 текше метрі, ал 13 қазан мен 13 ақпан аралығында 20582,5 текше метр және 21 қарашадан көктайғаққа қарсы реагенттің 458,05 тоннасы себілді.