Кофе қайнатып жатқанда оған бір шымшым тұз бен даршын (корица) қосса, жұпар иісі аңқи түседі. Ал кофені туркада қайнатқан кезде кептірілген лимон немесе апельсин қабығын қосып жіберуге болады.
Пышақты жуғаннан кейін бірден құрғатып сүртіп қойса, жүзі көпке дейін мұқалмай тұрады.
Сорпаның түсі мөлдір болу үшін оған бір түйір мұз салып, қайнатып жіберсе дұрыс болады.
Салатқа қосатын пиязды алдын ала 10-15 минут суық суға салып қойса, ащылығы мен иісі азаяды.
Егер бәліштің асты піспей жатып, беті күйіп бара жатса, бетіне дымқыл қағаз сүлгі жауып қоюға болады.
Гарнир ретінде дайындалатын күріш аппақ болу үшін оған қайнап жатқан кезде бірнеше тамшы сірке суын қосып жіберу қажет.
Барлық салатты дастарқанға қоятын кезде ғана тұздаған жөн. Сол кезде көкөністер балғындығы мен суын жоғалтпайды.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»